Өнерпаздар сайысы «Әнші балапан»
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 8 ақпан күні «Антонов негізгі мектебі» КММ өнерлі балалардың «Әнші балапан» сайысы өтті. Сайыстың өткізілу мақсаты: оқушыларды өз өнерлерін ортаға сала білуге, өзгелердің өнерін де бағалай білуге дағдыландыру; ата-бабамыз қадірлеген өнердің кұдіретін ұғындыру; әдемілікке, әсемдікке, инабаттылыққа, ұстамдылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.Сайыстың ережі бойынша 2 жас санаты яғни, 5-8 жас аралығында және 9- 15 жас аралындағы оқушылар қатысты. Сайысты әділ-қазы алқалары, құрамында: «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы- Миних Ирина Николаевна, мектеп директоры- Фрайденберг Оксана Станиславовна, «Весна» вокалдық ұжымының әншісі- Тюребаева Раиса Валерьевна әділ бағаларын берді. Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені 2 сынып оқушылары қанжығаларына байлады. Өнерпаз қатысушылар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.Байқау соңында келген көрермендер тамаша көңіл күйге, сезім сергектігіне бөленді.
Мемлекетіміздің басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеліп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадымызда сақтайтын біздер Президентіміз бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басайық. Жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыздың бірі болып қала береді.
|